22.08.2022
  432


Автор: Қайырлы таң, күн, кеш, түн тілектері

Қайырлы түн

Қайырлы түн баршаңызға тілеймін,
Тыныш болсын түніміз, тыныш болсын.
Ұйықтайықшы уайымсыз бәріміз де,
Тәтті болсын түсіміз, тәтті болсын.

Дұға тілеп жатайық ұйықтағанда,
Тыныштығын сыйласын деп түніміз.
Ертеңгі күн қуанышқа ұлассын деп,
Тілейікші жақсы өтсін деп күніміз.

Түнгі дұға қабыл болсын тілеген,
Ұйықтап біздер еш уайымсыз күйменен.
Амандықта оятсын Раббым Алла,
Қуанышты бізге берер сыйменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу