Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  107


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ҚАЗАҚСТАН

Осындағы әр-бір ұлттың
Бар бір Ғажапстаны:
Жойыттың- Исрайылы,
Ұйғырдың - Қазақстаны,
Қырғыздың - Қырғызстаны,
Жұлдыздың - Жұлдызстаны.
Өкпелесе - көзде көлдей жасы бар,
Өпсе болды - өксігі де басылар,-
Орыстардың - Ресейі ормандай,
Бір кәрістің - екі Кореясы бар!
Алдында жоқ бір тірі жан тіл ұғар,
Мұхит асқан ұлып ары, құрып әл,-
Мұстафа Шоқай, Мұқтар Мағауин көкемнің,
Жүрегінің түгі бар ғой,
Түгі бар!
Күнге қарай керуен тартқан кезім бұл.
Тұман - Дүние,
Көкжиекте көзім-дүр:
Қазақстан, Сенен басқа түгім жоқ,
Гүл қылсаң да, күл қылсаң да - өзің біл,
Ұл қылсаң да, тұл қылсаң да - өзің біл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу