Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  56


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Аты- шулы Мырза келді Арқаға...

Аты- шулы Мырза келді Арқаға,
Жымың етіп небір сұлу қалқаға;
Ерді көрсе - екі көзі аспанда,
Елді көрсе - екі көзі қалтада...
Мырза келді мініп алып құр атқа,
Жаяу өскен тексіз сынды бірақ та:
Ақын көрсе - албастысы қозады,
Алтын көрсе - екі езуі құлақта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу