Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  61


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Қапаста сан күн,түндер өткіздім.

Қапаста сан күн,түндер өткіздім.
Етегін құштым жүрелеп кімнің?!
Тәңірге тәуба,тірі пендеге,
Тіземді бүкпей--
Түрегеп тұрмын!
Алдына сұмның жылап бармадым,
Құдайға сеніп-қуаттанғанмын!
Тағдырдың тастай балғасы соғып,
Басым да-быт-шыт...
Құлап қалмадым!
Күрсінген Күнге,Айға қарадым.
Сүрлеу бар...
Жол-жоқ!
Қайда барамын?!
Түсімде көрем,жаныма,шіркін,
Майдай жағатын майдан алаңын!
Сарғайды-санам
Сарқылмақ-- күмән,
Қырандай көкте саңқылдап-тынам;
Азаттық!
Енді қолыңда Сенің,
Алмас қылыштай-- жарқылдап тұрам!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу