Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  70


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Балалық кеп сенің, менің еркімді...

Балалық кеп сенің, менің еркімді,
Алған кезде, қайдан құйын жел тұрды?
Сенде де бір, менде де бір періште,
Бар еді. Оны қандай пері өлтірді?!
Бір кездері періште едік.
Тұнық бір –
Бұлақ едік.
Соның бәрі ұмыт – тұл.
Өмір дейтін мыстан кемпір, о, сұмдық,
Бізге қарап ыржалаңдап күліп тұр!
Балалықтан емес екен түк те әсем.
Әлди... соны түсіңде көр – ұйықта сен:
Мыстан кемпір қарсы аларын білгенде
Ақжарықтан адым аттап шықпас ем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу