Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  49


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ХИРОСИМАДА ӨЛГЕН ӨРІМ ҚЫЗДЫҢ ӨЛЕҢІ

Ашыңдар есік өзіме,
тірілерге рухым: «Ұш!» – дейді.
Көрінбен тірі көзіне,
әруақ – көзге түспейді...
Хиросима Өртінде
өлгем мен. Сонсоң – көмген мұз.
Жетіде ем. Әлі – жетіде...
Өспейді өстіп өлген қыз!
Тажал өрт таза кенелді:
шашымды жалмап жеген-ді.
Күл болып кеткен денемді
жел келіп ала жөнелді.
Жатырмын талып тамұқта
Керексіз – күріш, нан да, тұз!
Қант та жемес алып та
жапырақ құсап жанған қыз!
Айтшы осы өлеңдерімді,
адамзат, шалқып шабытың.
Өртетпе өрендеріңді
Өзі алып жесін – қантын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу