Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  71


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Сау емес дүние – қояншық, құдай біледі.

Сау емес дүние – қояншық, құдай біледі.
Құлақ тынады жылаған, күлген дауыстан,
Қара жамылған ғаламзат сақ-сақ күледі –
Ақылы ауысқан!
Ала құс басын қозғап бір,
Аспан айналып бара ма?
Адамзат кейде күліп тұр, кейде боздап тұр –
Жындыханада!
Айығар ма екен дерті бұл?
Аттан сал, мейлің, тістен кеп,
Маскүнем қазақ барда отыр мас боп:
«Мен түгіл, –
Мұқағали да ішкен!» деп
Есениндер-ай, өмірі – өсек, сандалған...
Сол қаңқу қалар ұзаққа.
Қазақтан-дағы мас ақын көрсем – таң қалман,
Жынға жын тиіспейді бұ жақта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу