Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  63


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТАБА АЛАР МА ЕКЕНСІҢ

Ақсұңқар өзің едің,
дегем жоқ кезегемін.
Бір мекен бұйырмасын
сезіп едім.
Шарқ ұрған шағаламын,
Қанатты сабаладым,
Белгісіз мені қайдан
Таба аларың.
Көз жазып қалдың-ау жағада,
Көрінген мен едім шағала
Ақ қанат, ақ құсың мен едім,
Таба алар ма екенсің, таба ала
Көгімде күнім болар,
Жүректе гүлім болар
Деп күткен Бақыт мен бе
Ақсұңқар сен,
Байқамай қармадың ба от,
Қалатын арманың боп,
Жоламай кеттің көлге,
Ақсұңқар сен,
Толқыдым сені іздеп теңіздей,
Қос қанат сияқты ек егіздей,
Қапыда кездесіп, көз жазып
Мен дағы жүрмін ғой сені іздей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу