Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  243


Автор: Өріс Яшүкірқызы

АТАНШЫ ЖАҚСЫ КЕЛІН БІР

Ертерек болып сауығың,
Гүл ашқан ерте бауырым,
Қиындау соғып жүр ме өзі,
Жаңадан барған ауылың.
Қаршадай болған қарағым,
Мұңайып неге қарадың?
Үндемей үнсіз қалмашы,
Сұрамай мен де барамын.
Ұнамай жүр ме ошағың,
Ренжітті ме қосағың?
Шығарып салған кезіңде,
Неліктен сонша босадың?
Сағындың, әлде қимадың?
Жасыңды неге тыймадың,
Соңымнан ерген еркем-ау,
Бұлайша неге қинадың.
Жүрмеші бүйтіп мұңайып,
Өйту де саған бір айып,
Иіліп сәлем етіп жүр
Қайын жұртыңа лайық.
Жарқырап жүрсе сәулетің,
Қуанар барша әулетің,
Тастай бат та, судай сің,
Жеріңе келген, сәулешім.
Қабаққа қарап теңің жүр,
Күлкіңді күтер сенің бір.
Үйдегі жақсы қыз едің,
Атаншы жақсы келін бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу