Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  91


Автор: Нұрлан Қалқа

Азаматсың тегің мықты..

Марат Əбдешұлына
Арда туған азаматсың, тегің мықты,
(Тік көтеріп келесің небір жүкті).
Бес белестен астыңыз абыроймен,
(Бейнеттеніп маңдайдан терің шықты).
Ағаларың «іні» деп мақтан тұтар,
Іні біткен «аға» деп арқа тұтар.
Ағайын, дос тірегіндей көріп сізді,
Танысың да сыртыңнан жақтап тұрар.
Əулеттегі өзің боп алмас қылыш,
Əке жолын келесің жалғастырып.
Қамқор көңіл, ең ізгі ісіңменен,
Ел ішінен жүресің алғыс жиып.
Бастамашы боп жүрсің барлық іске,
Дəн разы, Марат дос, халық Сізге!
Əз көңілге түспесін деп ешбір сызат,
Қас-қабағын жүресің бағып күнде.
Құтты болсын елуің – бұл мереке,
Отбасыңа тілейміз құт-береке!
Тағы елумен құттықтап келейік біз,
Ақ тілекті жеткіздім жырмен, көке!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу