Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  55


Автор: Нұрлан Қалқа

Ана сағынышы

Ойласам сені, жүрегім жиі сыздайды,
Мұңайып көңіл, жан дүнием мұздайды.
Аңдаусызда көз жазып сенен қалдық қой,
Еңсені басып тұрады ылғи жүз қайғы.
Жарқын жүзің жадымда тұрар жаңғырып,
Көз алдымда бейнең қалды мəңгілік.
Өзіңді қызым, тұрамыз жиі еске алып,
(Сен бар кезде атушы еді таң күліп).


Көп еді сенің мақсатың менен арманың,
Өміріңді ұстаздық іске арнадың.
Еңбегің менен жақсы сөз қалды артыңда,
Ісіңді бүгін шəкірттерің жалғады.
Саған деген сағынышым ұлғайған,
Суретіңе қарай берем сарғайған.
Жатқан жерің пейіш болсын, құлыным,
Өзіңді ойлап қайран анаң қартайған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу