18.08.2022
  93


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

АТ ОМЫРАУЛАСТЫРУ

Ойынның шарты бойынша, ойынға қа ты сушы аттылардың барлығы арнай сызылған үлкен шеңбердің ортасына жи на лады. Ойын жүргізуші белгі берген кез де қызу әрекетке көшкен ойыншылар шеңбер ішінен бірін-бірі ығыстыра шығарып тастауға кіріседі. Ығыстырғанда тек аттар ғана омырауласады, қолдарымен бірін-бірі итеруге, күш жұмсауға болмайды. Ойын барысында шеңбер сызығынан кімнің атының екі аяғы сырқа өтсе, сол адам ойыннан шыққан болып есептеледі. Ойын шеңбердің ішінде бір ойыншы қалғанға дейін жалғасады да, ең соңында шеңбердің ішінде қалған адам жеңімпаз атанады, тігілген бәйгені иемденеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу