Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  70


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Барды іздеймін бар болғасын...

Барды іздеймін бар болғасын,
Бармын, - деді жан жолдасым.
Бармын, - деді балауса қыз,
Сендім соған аңғал басым.
Кірпік шалса, көп қанша мұң,
Барды сүйдім, жоқты аңсадым.
Бір сәт мендік тағдыр жолы,
Бір сәт менің көктем шағым.
Қашық барып қонсақ Айға,
Жалқы жүрек аңсамай ма?
Бармын дейді бір үнсіздік,
Бармын дейді...
Болса, қайда?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу