Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  66


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Жырын оқып қарт ақын мәрт ақынға...

Жырын оқып қарт ақын мәрт ақынға,
Жабыла кеп шығарды орта тұлға.
Ақ қағазға арқандап қыл қаламды,
Жыр етті.
Абай, Мұхтар қырда қалды.
Қыр қазағы тудырған тұлғаларды,
Бір ғажабы сапалы сынға да алды.
Сын деп айтар, сын бар ма
бұл халықта,
Былғанды ма, білмеймін, былғадық па?
Көкем бірақ шертсең де, бір қалыпта,
Көкем бірақ сөксең де, бір қалыпта.
Кемшілігі осы еді, десе де оның,
Баспаға ұсынбайтын еш өлеңін.
Берсе егер кезекті рет кәрі күндес,
Қырқып-қырқып салатын неше жолын.
Жері жырды, үйретіп өлкесі әнді,
Өкпелетті тағдыры ерке шалды,
Әдеппен саулық сұрап, құрдасы Ажал,
Әзілдеп ақ таяғын шерте салды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу