Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  78


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Жаңбырлы түн

Түніменен тамшы ұрды тереземді..
Есіңде ме?
есте жоқ ескі күндер,
Қадірі бүгінгідей кеш білінген.
Еңіреген көңілшек қара аспаннан,
Талып жеткен үніңді естідім мен.
Есіңде ме?
Есімде, есіңде еді –
Ессіз күлкің сәуірдің кешіндегі.
Күлкіңнің сұлу жерін жылатып ап,
Бір ақымақ санап ең сосын мені.
Есіңде ме,
Мөп-мөлдір құрақты аспан,
Сүйдіргенім, сүйгенім шыдатпастан?
О, менің он сегізім, ең аяулы,
Жалғызаяқ жолдармен жылап қашқан.
Есіңде ме елсізде көктегенім,
Бәрі де өкпелі шақ, өткен өмір.
Күліп бастап, күлкісіз қоштасатын,
Жылдар менен жолдарды жек көремін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу