Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  130


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Айлы соната

Сені мендей сезеді ол қалай да,
Талғамай да, өткенді болжамай да.
Алдамай да, тұнығын лайламай да,
Қарашы толған Айға.
Ренжітіп көрмеген ол ешкімді,
Қуанышты және де емес мұңлы.
Саясында сан ғашық кеңес құрды,
Бәрі де елес сынды!
Жап-жарық әлем добы жаралғалы,
Замандары, қираған қамалдары.
Жұқара бастағанмен адам жаны,
Мөп-мөлдір оған бәрі!
Оһ, менің жүрегімнің бойтұмары,
Айтылады, талай жыр қайтып әлі.
Айды іздесем күлімдеп тұрасың сен,
Сені іздесем, жымиып Ай тұрады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу