Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  151


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Анамның үнсіз жылап Тұрғаны..

Дауылды дауыл басып көрген бе,
Жолбарыстанып жасықтар жерде.
Шашынан сырғып ақ орамалы,
Көрші әйел үйге қашып келгенде,
Күрсініп анам, жылады,
Жынды су, - деді, - кінәлі.
Себеп те таппай кісіңді ақтауға,
Сәбидей қолы үсіп жатқанда,
Алпамса жігіт ақырып төніп,
Әкесін сабап тісін қаққанда,
Жабығып анам жылады,
Жынды су, - деді, - кінәлі.
Жамаусыз көңіл қазақта бар ма,
Панасыз қайтсін көзі ақпағанда?!
Бейкүнә жанды тағдырдың өзі,
Жетімек қыз деп мазақтағанда,
Қосылып, анам жылады,
Сол, - деді тағы, - кінәлі.
Өмірдің мәні, мұраттың мәні,
Кеудеме толып сұрақтың бәрі.
Ішімдік көрсем, түседі еске,
Анамның үнсіз жылап тұрғаны..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу