Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  73


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмірім, өзгеше сүруге...

Өмірім, өзгеше сүруге,
Махаббат керек қой деседі,
Әр баста,
Әр қиял сүруде,
Кім келіп көмектеседі?
Шалқып бір тасынып жүруге,
Менің де құқығым бар шығар,
Мойныма асылып жүруге,
Сенің де құқығың бар шығар.
Сол ару қайдасың, қай жақта,
Жеткізбей бұл арман аңсатты.
Келсеңші мен жүрген аймаққа.
Күйбеңі өмірдің шаршатты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу