Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  431


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Несіне әпке жыладың...

Несіне әпке,
Несіне бауыр жыладың?!
Шыдамас дейсің,
Шыдаймын, өмір сынағы.
Сен кеткеннен соң,
Елегізген сол бір көңілім,
Солқылдап тұрып жыладым.
Жанарың-ай,
Ойлаған әпкем бауырды.
Шешемнің түрі,
Тірлігің таптай, қарулы,
Әпке деп барсам дастарқаның жайнап тұратын,
Ұқтаймын десем, төсегің әр кез жаюлы.
Бұл тірлік те өтер,
Бәрі де әпке өтпелі.
Жазғыра көрме, жамандай көрме тек мені.
Қосады Алла дейді ғой екі адамды,
Үкілеген жан,
Қадіріме менің жетпеді.
Қорғадым оны,
Бекер-ау, бекер жан салып,
Еркектің күші жетеді оған қаншалық?
Кетемін десем,
Қимайды, білем тәйір-ай,
Бірақ-ай, бірақ, бағамды білер қаншалық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу