Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  139


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жын өмір

Жын перілер арқамнан түртіп,
Қаламын кейде шалқамнан түсіп,
Біртүрлі жанмын, мінезім солай,
Әдіре қалсын жалғанда тірлік.
Көңілім солай, қылт ете қалатын.
Көсілсем кейде таңдарға шабатын.
Жаныма жақын жандарды даттап,
Тексізге барып шапан жабатын.
Біртүрлі өмір,
Біртүрлі әлем.
Көңілім бүгін әлем де, жәлем.
Әкем-ау сені қия алмай жүрмін,
Шешеме менен айттың ба сәлем?
Өмір-ай жалған, арым алдымда.
Қайрағын жырдың жанып алдым ба?
Алғаусыз көңілім, ренжітіп алсам,
Кешірші дейін, барып алдыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу