Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  77


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сақташы Құдай кешіре алмастан...

Сақташы Құдай кешіре алмастан,
Өлеңім қында, кесер алмасты.
Күнәсі жоқтай,
Паң күлген жаннан,
Қит еткеніңді кешіре алмастан.
Қораға шапқан қасқырды есірген,
Көп қорқау жанды мен дағы кешіргем.
Үйіңе кірген жылан басына,
Ақ құйып күтіп, бабам кешірген.
Кең болсаң еркем,
Кем болмай қалқам,
Нар жүгім ауыр, көтеріп арқам,
Өмірім менің келіде түйген,
Тарыдай едім,
Болмаспын талқан.
Өкпемді қалқам, өзіңе артам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу