Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  73


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Алшынбай

(шөберең келді өмірге)
Көкаршын -кос қыз келген - Аршындайын.
Әкем ау ұрпағың бар, қамсыз жайың.
Өлмей тұрып есімін қойып кеткен,
Дүниеге келді әке, Алшынбайың.
Жайлы едің,
Немере мен шөбереге,
Мұншалық бақытқа жан кенеле ме?!
Немерең Ахмедиді атам сүйіп,
Деуші еді,
Менің балам, егелеме.
Өмір заңы,
Әдіре қалсын қайғым.
Құдайдың әмірінсіз тал сынбайды.
Әкемнің жаны оралып келді ғой- деп,
Құрметтеп жүрейікші Алшынбайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу