Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  55


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жоқта халайық

Таңғалып неге таңырқап жүрміз,
Адамның бейне жасына қарап.
Біреуді қатты дәріптейміз де,
Біреуді сыйлап, асына қарап.
Өлшеніп берген әркімде өмір,
Жабықпа қазақ,
Жасыма қазақ.
Мұқағали ше?
Абайым ұлық,
Өр жырлары мен өлеңі тұнық,
Жылап келсе өмірге мынау,
Кетерде бәлкім өтті ме күліп?
Жақсы бір жан да Аллаға керек.
Өткен өмірің, игілік, дерек.
Қысқа ғұмырың Алланың сыйы,
Құласа арыс, Алла ісі демек.
Жылап сұранып, қайтара аласың ба?
Шыдаған жанды тай таласыңа,
Баз кешкен ұлды мынау жалғанға,
Қайтара аласың ба,
Айта аласың ба?
Қырық бес көктем,
Мұқаңның жыры,
Елу тоғыз жыл Абайдың құны.
Кейінгі ұрпақ түсінгін мұны,
Түсінгін қазақ, үзілмес жырды.
Бірақ күн жырлап, тоқтап қалмайық.
Жылап тұр көк те, жоқтап алайық.
Елінің ерке арысы өтті,
Жоқташы елім,
Жоқта халайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу