Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  150


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ағаларға құрметім

Алла берген ұлы сый ма бұл тегі?
Мылтықпын ба, атылатын білтелі?
Үлкен үйде жайма шуақ отырсам,
Сәлем беріп келеді үйдің үлкені.
Ағаларым, аға болсын ол мейлі,
Бөтен айтса қарсы тұрар, көнбейді.
Дастарқанда отырып сөз бастасам,
Дүр сөзімді біреуі де бөлмейді.
Көпшілмін ғой, ере жүрер қонағым,
Түн келгенде «Қыдыр ата» боламын.
Күн ба, түн ба қарамаймын, еркемін,
Әрбірінің үйлеріне қонамын.
Шаңырақ қой, елге сыйлы би тұрған.
Бас беретін қонағына ұйытылған,
Қымыз іш- деп жеңгем жүрер елпектеп,
Ояна алмай жатсам дағы ұйқымнан.
О құдайым, жеңгелерім «Тентек» деп,
Айтпайды да, елпілдейді еңбектеп.
Еркелеймін, балдарына ұрсамын,
Жейсіңдер әй менен жуан «Келтек»- деп.
Теріс мінген ініге ұрсып тайқарын,
Мынау тірлік жөн емес-деп, байқадым,
Жылқы түгіл, тауық сойып бермеңдер,
Балдарыңды ойлаңдар деп-айтамын.
Үйлеріңе дүйім жұртым жиылсын.
Шаңыраққа құт-береке құйылсын.
Қара нан мен сары майың жетеді,
Қалған сыйың ұрпағыңа бұйырсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу