Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  2622


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Аңсар ағамның туған күніне

Тұрса дағы ауа райы салқындап.
Кәрі құда қыс мезгілі алқымды ап.
Бауырымның туған күні екен ғой,
Жұртты сыйлап, жүретұғын аңқылдап.
Ер дәуіттің пірі қонған шеберім,
Алдымдағы асқар тауым, сенерім.
Анашымның тас құрсағын кеңейткен,
Аға саған еліктеп мен келемін.
Жеңгеміз бар жайыңды ойлар қалқандай.
Алпыс астың,
Нар жігіттей әр таймай,
Жетпісіңде асау аттай ойнақтап,
Сексеніңде жүрші аға қартаймай.
Тоқсан жас па, оны да бір көрейік.
Шөбере мен шөпшек сүйіп, көбейіп.
Жүзге келші, дүркіретіп тойыңда,
Қамқа тонды шапан жауып берейік.
Тегі асыл ағажаным ардақтым.
Қуануда інің өлең арнап шын.
Мерекеңде шаңыраққа жиналсын,
Туыс бауыр,
Дос жараның, бар жақсың.
Інің үшін, бауыр үшін, ардақсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу