Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  292


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жаңа жылдан жаңа үміт күтемін

Көктем гүлі ой санамда көктейді.
Ренжисің, құса тірлік, сөк мейлі.
Жымиғандай түр білдіріп жүрсем де,
Маған да бір жан жылуы жетпейді.
Дүние ма?
Ол да шіркін тозады.
Ақбозат па,
Уақытша озады.
Қиянат па?
Қиянатшыл жандарды,
Өртейме деп, о дүниенің тозағы.
Қол бастамай,
Мұңын ұқпай елдің де,
Қазанаттың жалын құшып көрдім бе?
Өлеңіме бар өкпемді артып ап,
Жігерсіз боп кетіппін ғой, мен мүлде.
Түлкі бұлаң, үйрене алмай айлаңды.
Тік мінез-ай,
Қол аяғым байланды.
Құдірет-ай,
Қолым қысқа қайтемін,
Жылағанға тигізе алмай пайдамды.
Жаным жылап, сыртым бүтін күлемін.
Тас боп қатып қалмаса екен жүрегім.
Меніңде бір ақиқатым бар шығар,
Ел жұртыма пайдам тиер, білемін.


Ниет түзу,
Қырандарым самғаңдар.
Орындалар,
Орындалар армандар.
Елі үшін еңбек еткен жан болса,
Несібесін,
Сыбағасын алғандар.
Сыналарға сынайтындар табылар.
Бұл жалғанның қарасы бар, ағы бар.
Алла ұлық,
Ақ пен қара өлшемі,
О дүнине мен бұл дүниеде табылар.
Шешілер-ау бір күндері шідерім.
Жаңа күннен үзілмеген күдерім,
Түйе үстінде таң аттырған «тышқаным»,
Жаңа жылдан жаңа үміт күтемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу