Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  94


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Түсіме еніп келдің...

Әр жанның береді Алла пейіліне,
Қарасып жүр,
Алдыңа, кейініңе.
Құдай бар,
Пейіліңді таразыла,
Мейірім сыйлайды әлі, мейіріңе.
Бабам да сөзге берік, атам берік,
Жамандар жаман сөзге жатады еріп,
Түсімде анам келіп ошақ құрып,
Әкем кетті әулиетке бата беріп.
Құдайдың әмірінсіз қурай сынбас.
Басқа түссе баспақшыл,
Жылайсыздар.
Құдай бар,
Әруақ та бар сенімдімін,
Шірік- деп оттап жүр ғой Құдайсыздар.
Дәстүрменен келеді сенім елге,
Құлынды енесіне телігендей.
Келін келді Наурыздың жаршысы боп,
Самарханның көк тасы ерігенде.
Әке, ана,
Байлығың, жиғаның ол,
Ұрпағы үшін жандарың пида болып,
Әкем мен анам жүр-ау пейішінде,
Ұрпағына әруағы риза болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу