Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  233


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Әкеге сағыныш

Өмір жалған, берілген бұл адамға,
Тағы нендей күтеді сынақ алда.
Сай-сүйегім сырқырап, қарс айырылды,
Жүрегім,
Жоқтау зары,
Жылағандар.
Бауыр да, ағайын да жылағанда,
Асқар тауым еңселі құлағанда.
Бауырға басу айту қандай азап,
Ол жайды айту қиын, сұрамаңдар.
Маңдайымнан сүйетін еміреніп,
Пір еткен құдайым-ау сені менің.
Жоқтаған бауырымды құшып тұрып,
Әкем-ай,
Сені қимай еңіредім.
Жас толды әпкелердің етегіне.
Қоштаса алмай қалдым-ау кетеріңде.
Жете алмаған кенжеңе Қош дей алмай,
Кете бардың мәңгілік мекеніңе.
Ойға батам сағынып өткенімді.
Бел қалды, алып кетті бектерімді.
Сіз барда қамсыз едім, ерке едім,
Байқадым, тез есейіп кеткенімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу