Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  113


Автор: Сәуле Досжанова

Сенің бейнең асыл нұрдан жаралған...

Сенің бейнең асыл нұрдан жаралған,
Көрсем болды әлдилейді сан арман,
Жанарыңнан мейірім-шуақ төгіліп,
Шартарапқа махаббат боп таралған.
Ал, келбетің жаңа жауған қардайын,
Армандарға жетелейді әрдайым.
Мені осылай тебірентіп жүре бер,
Атып келе жатқан әппақ таңдайын.
Бал сөздерің ақ маржандай төгілген,
Шолпанымсың жаңа туған көгімнен.
Есіме алсам ет-жүрегім езілген,
Ғашық едім саған бала кезімнен.
Мен жаралы жолбарыстай сезінем,
Қайта оралмас менің сәби кезім ең.
Сені ойлаумен әппақ таңды атырып,
Сені ойлаумен Аяулым-ау көз ілем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Төлеубек
Төлеубек 13.03.2024 18:00
Сәуле Досжанованың ғашық дерті бойын жайлағаны бет әлпетінен білінбейді.Ол біреуге емес, оған біреу ғашық болуы әбден ықтыймал.

Пікір жазу