Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  101


Автор: Сәуле Досжанова

Жылдар бойы көңілімде жаңғырып...

Жылдар бойы көңілімде жаңғырып,
Атың жүрді, қиял кетті қаңғырып.
Үзілгенде үміт жібі жарқ еттің,
Айырылмаспын енді өзіңнен мәңгілік.
Сау тамтық жоқ, қалжыраған денемде,
Үміт үзіп, кездеспейді-ау дегенде.
Тағдырымның тартысынан аман қап,
Қайта таптым, жұлдыз жанып төбемде.
Жетер түбі қолымызға қолымыз,
Айқындалып оңымыз бен солымыз.
Арман менен сағыныштан басталар
Ұзақ болсын сонда алдағы жолымыз.
Ерке қыздар көрсеткендей сан қылық,
Ата берсін дәл осылай таң күліп.
Аңыз болар кейінгіге қалқам-ау,
Саған деген махаббатым мәңгілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу