Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  67


Автор: Сәуле Досжанова

Жанымыз егіз деумен...

Жанымыз егіз деумен,
Келемін сені іздеумен.
Бұрқанған сағыныштан
Толқиды теңіз-кеудем.
Толқиды, басылады,
Маржан жыр шашылады.
Көңілім дертті болған,
Көруге асығады.
Қалсам да табаныңда,
Бір бақыт табамын ба?
Жүрміз біз кездесе алмай,
Айдың күн аманында.
Кездессек дертім кеміп,
Шарпиды өртім келіп.
Айтарым, Аяулым-ау,
Өзіңе сертім берік




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу