Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  97


Автор: Сәуле Досжанова

Жеңгені де махаббат күші мені...

Жеңгені де махаббат күші мені,
Күллі дүние сені еске түсіреді.
Бар әйелден керемет екеніңді,
Мендік көзбен қараған түсінеді.
Сәл күлімдеп тұратын қарсы алдымда,
Елесіңмен мен ессіз қоршалдым да,
Таңдандырдым естіген ағайынды,
«Ғашық болып қалдым!», – деп жар салдым да.
Бара жатты өмірім бесінге өтіп,
Дәл осындай ешкімге есім кетіп.
Ынтықпап ем, қалайша құлап түстім,
Қайрылмастай заң жазған шешімге түк.
Шын сүйгендер бұл күйден ұғар мені,
Атын айтып ең соңғы шығар демім.
Талмай іздеп, жаныма жүре кірген
Ең соңғы махаббатым шығар менің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу