Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  67


Автор: Сәуле Досжанова

Өзіңді айтпай, Ойламаған жоқ күнім...

Өзіңді айтпай,
Ойламаған жоқ күнім,
Сағыныштан асыл жарың шекті мұң.
Бар әйелден бақытты едім сенімен,
Жетпейтінім – бүгін сенің жоқтығың.
Сендей жанды,
Күнде еске алмау мүмкін бе;
Сенсіз ән де,
Жараспайды күлкім де.
Жарқ еткізіп, мендік тұман көңілді,
Шіркін, шіркін оралсаң ғой бір күнге.
Елің сені есіне алып, аңырап,
Теледидар, газет, радио жамырап.
Сен туралы айтса ғой деп тіледім,
Жан-дүнием отырғанда қаңырап.
Жазғандарың жылда шығып баспадан,
Асыл бейнең жарқылдаса таспадан.
Мен отырсам ел-жұртыңа сыр ашып,
Тіпті саған тірлігіңде ашпаған.
Осылай бір армандаумен көзі іліп,
Сағынышпен өткенді еске ап езіліп.
Жыр жазамын, толтыр алмай орныңды,
Жер бетінде жалғыздығым сезіліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу