Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  64


Автор: Сәуле Досжанова

АЛЫП АДАМ


Екі жарым метрлік алып адам,
Аяқ-қол ербеңдеген,
арық адам.
Бір кезде дүрілдеген спортшы еді,
Бұл кезде бір қадамға кәріп адам.
Келі бас,
екі көзі саптыаяқтай,
Он саусақ әрқайсысы топты аяқтай.
Денесі динозавр қаңқасындай,
Аттаса құлап түсер шатқаяқтай.
Даңқы шығып,
бір кезде дүрілдеді,
Тұлғасынан талайлар дірілдеді.
Он адамды арқалап ойлады ма,
Кәріп болып қалам деп күнлгері.
Бүгін міне,
сия алмай төсегіне
Көтертеді жігіттің бесеуіне.
Күзетеді берілген баспанасын,
Еңбегінің кешегі өтеуіне.
Әйел кеткен бетімен баланы алып,
Тайды содан бағының табаны анық.
Соны ойласа өксиді оңашада,
Жүрегі қан жылайды, жараланып.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу