Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  322


Автор: Сәуле Досжанова

АҚТАМЫМ МЕНІҢ

Ақтамым менің түсімде көрдім өзіңді,
Ақтарып тастап сағыныш атты сезімді
Ауылымда жүрдім оралту үшін бір күнге,
Бауырыңда қалған балалық сол бір кезімді.
Қайырмасы:
Ақтамым менің!
Ақтаңым көрген алғашқы,
Өзіңді аңсап,
Уақыт пен сезім арбасты.
Сені сүюден басталған ғазиз махаббат,
Отанды сүйіп, отқа түсуге жалғасты.
Күннің шуағы,
Айдың нұрына бөленген
Ақтамым менің, Хан-Тәңір төніп төбеңнен,
Жатыр ма екенсің жусанды қырың бұрқырап,
Ыстық суыңды аспанға атып тереңнен.
Қайырмасы:
Мен үшін жердің жәннаты өзің Ақтамым,
Жатыр ма екен оранып гүлге бақтарың.
Көшеңде ойнап жүр ме екен әлі алаңсыз,
Балаларменен менің сол сәби шақтарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу