Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  89


Автор: Бауыржан Үсенов

ҚАНАТЫ КЕСІЛГЕН ҚЫРАН

Көзімді торлап мұнар мұң,
Қинады мені қыл бұрау.
Қанатын кескен қыранның
Келбетін көріп тұрмын-ау.
Көзінен ұшып көк аспан,
Қамығып тұрған тектім-ай,
Қиянат бұдан жоқ асқан,
Көрсоқыр болған, еһ, Құдай.
Ойланбай түсер бөріге
Даланы кезген алшаңдап –
Баба пір тұтқан серіге
Болыпты мекен тар шарбақ.
Томаға көзге қарашы,
Топшыны қара кесілген.
Жарымжан қыран жарасы
Айырды мені есімнен.
Топшысын қайрап жасынға,
Сұр жебе сынды боздаған.
Аспан деп туған асылға
Аспанда өлуді жазбаған?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу