Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  76


Автор: Бауыржан Үсенов

ӨЛІАРА

Біресе жаңбыр,
Біресе жауар қар кенет.
Езілген көше,
Еңсесі түскен тал, терек.
Шатырдың астын мекен қып алып шықпайды
Шықылықтаған шымшықтарға да жан керек.
Азынап өткен машина жалшық шашады
Буыршын аспан демігін қашан басады.
Үдере көшкен жабағы бұлттың астынан
Әупірімменен әлсіз сәулелер қашады.
Көктемнің исі шыққанменен әлі алыс,
Алыс отарға жем, пішен алып барамыз.
Есін жия алмай етпеттеп жатқан далада
Бәйшешек-үміт,
Бас көтеріпті қараңыз!
Бәйшешек-үміт
Бәйгеден келер нұрлы үміт.
Тоқ жерді тесіп томпиып қана тұр күліп.
Тәбәрік қылып бір тал гүл үзіп алдым мен,
Бір аптадан соң көрерсің,
Дүниеге келер дүрлігіп,
Салады көктем бір бүлік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу