Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  87


Автор: Бауыржан Үсенов

Бүгін

Мен қараңғы түнекте жүрегімді шам қылып,
Дәруіштей ел кезіп сені іздедім қаңғырып.
Түнек шалың тіл қатты: “менде қал, – деп-әй, бала”
Бұрылмады шайға да, бұрылмады тойға да.
Сұлу қыздар жол кесті Бозторыдай бұраңдап,
Өте шықтым тоқтамай мұратымды ұрандап.
Жырым-жырым болды үстім, жан болдым мен ең кедей,
Темір таяқ тебендей, темір етік теңгедей...
Мұратына жетудің шын азабын кім білген,
Тас талқандап тіземді, шықтым бір күн үңгірден.
Көрұғлы секілді шыға келген көрінен,
Айналама көз салдым жарық дүние төрінен.
Айналама көз салдым қайда екен деп мұңдығың,
Келеді екен мені іздеп қансыраған шындығым.
Аман екен қасқырдан, аман екен қарсақтан.
Біз екеуіміз қосылдық, қарау дүние, ал, сақтан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу