Өлеңдер ✍️

  14.08.2022
  255


Автор: Қажытай Ілиясұлы

ЖЕГІШ ЖЕҢГЕЙ-АЙ!

(Балабақша директорына)
– Аха-а-ау!
Үйде отырған артық қой,
«Алағашта» жатқаннан.
Беретіні күндегі,
Қара шай мен қатқан нан,
Ата-аналар шуылдайды-ау,
 Шымбайына батқаннан.
Балабақша дегенің
Тарауға да шақ қалған.
Жымыңғайша шошиды
Өтірік берген ақпардан.
Бақылаушы бұл күнде
Көмбесін ашып ақтарған.
Балалардан жырып жеп,
Кербез-ақ екен баптанған.
Осы болды жай-күйі,
Жеңешемнің мақтаған.
– Ой, жегіш жеңгей-ай!
– Аха-а-ау!
Үйіне де тасыпты,
Көлденең кірген кірім деп.
Тексеруші барғанда,
Бұлтаққа көнбей, дігірлеп.
Зәресі ұшты жеңгейдің,
Қол-аяғы дірілдеп.
Жымға салды-ау, не түрлі,
Жегем жоқ мұның бірін деп.
Білінбей кеткен ісі еді,
Айтты екен қандай жүгірмек!..
– Ой, жегіш жеңгей-ай!
1981 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу