Өлеңдер ✍️

  11.08.2022
  64


Автор: Балта Қосбармақ

Қауіп

Жауда қалды Ақ Еділ – қанды қиян,
Дауға қалды Кең Жайық – майлы қиян.
Сауға болды Маңқыстау шаңдағынан,
Атажұрттың айрылар барлығынан
Момақан жұрт не жазды,
Кәрлі құдам?!
Зеңбірегін cүйретіп Еділ барған
Ата жауым атоммен қаруланған.
Кең далаға келеді дамыл қайдан?!
Тал ағаш жоқ даламның өн бойынан
Ақ сойылы да атамның табылмайды-ау...


Қызықтырса сыңғыры ділдәлардың,
Туа қоймас түкті бет тілді алар күн.
Жердің бетін мәңгі мұз басардағы
Динозавр секілді күйде қалдым...
Ата дұшпан күрбиді –
Қатқыл түрі,
От шашады атом мен ақ мылтығы.
Мына заман – күшті мен тістінікі,
«Жығылмайды, - дегенмен, - ақтың туы»...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу