Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  119


Автор: Ғалым Әріп

Жел

Соққан сайын жел үдеп екіленді,
Тағдырынан, білмедім, не тіледі?
Уіліне, әйтеуір, құлақ түрсем,
Ол біртүрлі сыңсыған секілденді.
Желдің-дағы өзіндік сыры бар ма,
Сыры бар ма, беймәлім мұңы бар ма?
Уілдейді күні-түн жағы сембей,
Бұ жұмбақты тірі жан ұғынар ма?
О, ағайын, сөзіме нанасыз ба,
Жел ұқсайды бейне бір панасызға.
Алабұртып қашанда көңіл-күйі,
Бола бермес ләйім мазасы да.
Байқалады сыңайы жабыққандай,
Жабыққандай, құлазып зарыққандай.
Бір қарасаң жел-дағы ақын сынды


Алай-дүлей боп жүрген шабыт қонбай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу