Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  87


Автор: Ғалым Әріп

Біреулер жүр өзді-өзінен зор болып...

Біреулер жүр өзді-өзінен зор болып,
Түк бітірмей кеуде керіп өр болып.
Қуыс кеуде, пасық көңіл, бос мақтан,
Маңдайына жазылған ба сор болып?!
Құдай өзін жаратқан ба қор қылып,
Айналасын тұман-перде-тор қылып?
Ар мен Ождан, Иман, Намыс жоғалған,
Қайдан шықтың қасиетсіз сорлылық?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу