Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  92


Автор: Рза Оңғарбай

Сүйген құлы Құдайдың

Сыр айтайын, тыңдашы сен, туысқан,
Жалықтым мен ығыр қылған жұмыстан.
Құлақкесті құл қып мені сол жұмыс,
Өмірімді ұрлап жатқан зымыстан.
Шыдап келем арқалаумен қиынын,
Сол болған соң нан мен тұзым, киімім.
Менің барлық сығып алып сөлімді,
Ұстатады болмашы пұл, тиынын.
Бұ тірліктің ойланатын тұсы көп,
Қоғамыңның қу кедеймен ісі жоқ.
Білдірмейміз соның бәрін, Құдай-ау,
Көрінгіміз келеді бір «кісі» боп.
Ей, туысқан, неге сонша мұңайдың?
Серпілмесең берер саған кім айбын.
Ары таза, бары таза, бәрібір,
Біздер шығар сүйген құлы Құдайдың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу