Өлеңдер ✍️

  10.08.2022
  99


Автор: Рза Оңғарбай

НЕСІБЕ

Жыр өлкеңе шаншылған бір шыбық ем,
Тағдырыңа мен талай күрсініп ем.
Жыр сүйетін, жұртым-ау, жібек мінез
Жүрегіңнің айналдым дүрсілінен.
Жыр болмаса кітап та түптелмейді,
Шалқып көңіл, шаңырақ тіктелмейді.
Жыр жаттаған, халқым-ау, сіздер барда
Қара өлеңі қазақтың тіпті өлмейді.
Ақын деген ат алдым несіне мен,
Жүрегімнен жатпаса есіп өлең.
Бар байлығым – жырларым, жамағатым,
Алып қалың бұйырған несібеден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу