Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  168


Автор: Асылбек СҮЛЕЙМЕНОВ

МЕН – ҚАЗАҚПЫН

Мен – қазақпын, ғұндардың ұрпағымын!
Тас илеген тұяғы тұлпарымның.
Семсерінің жүзінде жалт ойнаған,
Еуразия даласының сұлтанымын!
Мен-қазақпын, сыр шерткен дастандардан,
Көшпендімін ешкімнен жасқанбаған.
Терең жайған тамырын бәйтерекпін,
Көк Түркімін тарихы таста қалған!
Мен-қазақпын, көсілген даламын кең,
Нәр алған көк аспаннан, дара күннен.
«Елім-айлап» шұбырған ел көшінде
Жігерленген жоқтау мен жаралы үннен.
Мен-қазақпын, Жер-ана жанымын мен,
Жаужүрек боп әлемге танылып ем.
Заманадан салмақты соққы көріп,
Полигон боп Семейде жарылып ем.
Мен-қазақпын, ордалы Алашпын мен,
Сансыз ұлтпен бауыр боп жарастым мен.
Желтоқсанда шыңғырған шындық болып,
Әділдікті таба алмай, таластым мен.
Мен – қазақпын, көсілген даламын кең,
Күш алдым жас қыраннан, дара күннен.
Аманатын арқалап сан ғасырдың,
Болашаққа қарыштап барамын мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу