Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  76


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Жүректің жырын...

Жүректің жырын,
Сезімнің сырын,
Көңілдің мұңын ақтарған.
Бір сендік ән боп,
Кеудемде жанды от,
Өзіндік таң боп атты арман.
Түсімде көріп,
Арманға еріп,
Қиялға еніп жатсам да;
Жаңғырып тау-шың,
Оятты даусың,
Бұлбұл боп сайрап бақтардан.
Сені аңсап, жаным,
Тулайды қаным,
Санамда бейнең сақталған.
Үміт алдай ма?
Ұмытылмайды, ә,
Жүректе жырың жатталған.
Таппай еш емін,
Іздейді көңіл,
Шарқ ұрып әркез өзіңді.
Санаумен сағат.
Таусылды тағат.
Сағынышымен де тәтті арман.
Ойымда өзің,
Өшпейді сезім,
Лаулайды жанып мәңгілік.
Санама қазір
Күй болып жазыл,
Өтейін жырлап, ән қылып.
Өр көңіл теңіз,
Тілек пен лебіз,
Жүректер егіз болған соң;
Өткінші жалған,
Өмірде арман,
Сыңарыңды іздеу – заңдылық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу