Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  66


Автор: Еділ БЕКМҰРАТОВ

ЖЕЛТОҚСАН

Бабаларым сан ғасырлар аңсаған,
Сан ғасырлар қолы тетпей шаршаған.
Тәуелсіздік күні туды қазаққа.
Жыр жазамын қуат алып мен содан.
Жыр жазамын естісін деп барша маң,
Бір ғажабы туындайды ән сондан.
Маған өлең жазбау жұртым мүмкін бе?
Осы өлкеге кіндігімнен тамса қан.
Осы өңір ғой менің – туған Отаным,
Отаныма арналуда от әнім,
Дардай істі жатпасам да тындырып,
Туған ел деп боздап жүргекн ботамын.
Айналайын туған елім қазағым,
Тағдыр бізге көрсетті өз ғажабын.
Егемендік салды бізге назарын,
Бодандықтың келтірген күн ажалын.
Құдайым-ау құдірет еді ол қандай,
Құтқардың-ау орманымды зорға аллай.
Желтрқсан шықпаса егер жастарым,
Біз ендігі жоқ боларма ек жоңғардай.
Жоқ болар ма ек құмға сіңген судай боп,
Отқа оранған қалың ағаш нудай боп.
Шыныменен болмағанда желтоқсан,
Жойыларма ек қайнап ұшққан будай боп.
Жатыр әне өткенді айтып сайрап күн,
Жыршысы боп мына барша аймақтың.
Есіңе алшы кейінгі ұрнақ дегендей,
Есімдерін Ләззатпен Қайраттың.
Ей, ағайын өткенді еске ап жүрейік,
Тәуелсіздіктің қадірін әркез білейік.
Бұрын қанша қиындықты көп көрсек,
Енді сонша бақ келсін деп тілейік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу