Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  115


Автор: Гүлнар НАУЫРША

ТҮН ЖӘНЕ МЕН

«Періште емес пендемін»,
«Аспанда емес жердемін!».
Төрт құбылам тең болса,
Неге сонда кендемін.
«Ойда да емес, өрдемін»,
«Жырақта емес, елдемін».
«Менен бірақ аулы алыс»,
«Үлде менен бүлденің».
Өмір салар өрнегін,
Бір күн солар үн-демім.
Саған айтып кетейін,
Бейтанысым о, менің!
Ерке өскен елікпін,
Өз аулымда көрікпін.
Сол бір аппақ жаныңды,
Ұғынады біліп кім?!
Қараңғы түн жүремін,
Қараңғы жол...білемін.
«Жау жоқ деме, жар асты»,
Мәтелге бұл сенемін.
Тәкәппар сұр айналам,
Қарап-қарап ой бағам.
Қоңылтақсып тұр жүрек,
Қалай, қайтіп жайланам.
«Қараңғы түн...түс көрем»,
Түсімді де ес көрем.
Айға қарай шабады,
Көңілдегі көк дөнен.
«Көңілде емес, көздемін»,
«Өзім емес, өзгемін».
Сондай бір күн мүлт кетсем,
Жөн ғой мұны сезгенің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу