Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  110


Автор: Гүлнар НАУЫРША

КӨК ТЕРЕК

Көк терек гүлденсейші, гүлденсейші,
Өзгелердей сен әсем түрге енсейші.
Терезеден қараймын талдарыңа,
Бүр жарды ғой барлығы жан-жағыңда.
Қайда сенің бұтағың, жапырағың,
Арайланып жайнайды атырабың.
Бәрі-бәрі гүлдеді шешек атып,
Сондай сәтте сен неге тоқырадың.
Жер-Ана да бусанып босанады,
Бақыт әні билейді әр сананы.
«Көктем келд» деп биікке қанат қағып,
Жыл құстары қуанып жар салады.
Таңсәріден тесілем ағашыңа,
«Бөленген де шығар-ау, жап-жасылға»,
Сенің терең тамырың негізінде,
Кету керек емес пед сан ғасырға.
Топырағың құнарсыз болып тұр ма,
Суық қол бұтағыңа жолықты ма.
Жартысы өтті көктемнің саған қарап,
Жаным менің тұрады толып мұңға.
Мұңайтпашы мені де өзіңді де,
Сынамағын сарғайған төзімді де.
«Солма, талым, қатарға қосылсайшы!»,
Тілек тілеп тұрмын сенің іргеңде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу