Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  67


Автор: Айнахан Есетова

Жаз қызы

Тұлымынан жусан исі бұрқырап,
Ертегі айтар жалбыр шашты жаз қызы.
Күнге құмар, асға асық, ынтық –ақ,
Қыз да болса ол біреудің жалғызы.
Жар басына келеді кеш-ертесі,
Құлаған жар жарбай атан өркеші.
Жарлауытта қараяды жалғыз қыз.
Қыз да болса ол біреудің еркесі.
Жалбыр шашы және нәзік тұлғасы,
Жүз періге татитындай бір басы.
Кетем дейді таразының таңында,
Қия алмай тұр, анық кетпей тынбасы.
Қыз аңызын жылай –жылай тыңдаған,
Сыңсиды жел жаз жамалын қимаған.
Өмір деген –аңсау менен қоштасу,
Оңай тиіп тұр деймісің бұл маған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу